О школе

О школе

Заңды тұлғаның атауы:  Ақтөбе қаласы әкімдігінің «№68 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    «№68 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік мекеме болып табылады. Мектеп өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің Актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге және облыс, қала әкімдігінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырады.


№68 жалпы білім беретін орта мектеп мемлекеттік мекемесі 2017 жылы 28 желтоқсанында Ақтөбе облысының  әкімі Сапарбаев Бердыбек Мәшбекұлы мен қала әкімі Испанов Ілияс Сапарбековичпен қалалық білім бөлімінің басшысы Бексултанова Индира Ибрайхановнаның қатысуымен ашылды. Мектеп директоры болып Сундетбаева Слушаш Бектемировна тағайындалды.

            Заңды тұлғаның тұрған жері: Қазақстан Республикасы, 030005, Ақтөбе қаласы, Болашақ шағын ауданы, Екпінді көшесі, 79 үй.

Мектеп типтік 300 орынға арналған. Оқыту тілі қазақ және орыс тілі. Оқыту екі кезеңде жүргізіледі. Мектептің бағыттары: математикалық – жаратылыстану. Мектептің жалпы көлемі -6065,6 ш.м. Мектептің жұмыс көлемі – 23554 ш.м. Оқу кабинеттері – 15. Сыныптар саны -28. Оқушы саны -25. Оқушы құрамы – 652; Дифференциалдық сыныптар – 0 сынып. Вебсайт: aktobe-school68.kz. Электрондық пошта: aktobe-school68@mail.ru Мектепте 2 компьютерлік кабинет, 1 мультимедиалық кабинет, 1 физика-химия кабинеті, 1 биология –география кабинеті, 1 спортзал, 72  орындық акт залы, футбол, баскетбол алаңдарыы, 1 қыш шеберханасы- онда 12 оқушыға арналған қыш өңдеу столы және қышты күйдіруге арналған арнайы пеш құрылғысы бар, 1 тігін шеберханасы-12 оқушыға арналған,12 тігін машинасымен жабдықталған, 1 аралас шеберхана – онда ағаш өңдеу және темір өңдеуге арналған құрал жабдықтармен қамтылған., 1 асхана, 1 медициналық кабинет   бар.

 №68 жалпы білім беретін орта мектеп математикалық-жаратылыстану бағытта білім береді. Педагогикалық ұжымда 52 мұғалім.

Мектеп мұғалімдерінің сапа құрамы:

ü  Жоғары санатты мұғалімдер – 6 (11,5%)

ü  Бірінші санатты мұғалімдер саны – 6 (11,5%)

ü  Жаңартылған білім мазмұны курсынан өткен мұғаліімдер саны -17

2017-2018 оқу жылының көрсеткіштері:

·         Білім сапасы – 66,3%, үлгерім - 100%

·         Мұғалім саны-52, жас маман 16

Мектептің оқытушылық құрамында әр түрлі деңгейде төсбелігмен марапатталған мұғалімдер:

v  Сундетбаева Слушаш Бектемировна – Мектеп директоры, «Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін» «Ұлағатты Ұстаз» төсбелгілерімен және Білім және Ғылым Министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған.

v  Махатова Клара Бердибаевна (орыс тілі мен әдебиеті) – «Ұлт Ұстазы» төсбелгісі

v  Ниязов Мұрат (дене тәрбиесі пәні мұғалімі) – «Үздік Жас Маман» төсбелгісі

v  Орынбаева Нұрсая (музыка пәні мұғалімі) – «Үздік музыка пәні мұғалімі» төсбелгісі